Шілде айының 22-28 аралығында 13 Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді. Бұл Халықаралық кинопродюсерлер ассоциациясы Федерациясының (FIAPF) аккредитациясынан өткен Орталық Азиядағы аса ірі кинофорум. Фестивальдің негізгі міндеттері Қазақстан киноиндустриясын қолдау, жас ерекшеліктері әртүрлі көрермендерге арналған кино өнерінің сапасын әрі қарай арттыру және Азия мен Европа елдерімен табысты ынтымақтастық орнату үшін платформа жасау.

Тарихы

Халықаралық  «Еуразия» кинофестивалі 1998 жылы Қазақстанда құрылды. Фестиваль Алматыда өтеді, тек 5 және 13 мерзімдері  Астанада өтіп отыр.  2010 жылдан бері ол жыл сайын өтеді.

Команда

2016 жылдан бері фестиваль тобын Ұлттық кинематографиялық өнер және ғылым академиясы құрады.