Өзінің дамуы барысында ешбір заманауи мәдениет оқшау өмір сүре алмайды. Өмір сүру барысында ол басқа мәдениеттер тәжірибесіне сүйенеді. Кинематограф өнердің ең танымал түрлерінің бірі ретінде өз елінің мәдениеті мен ерекшелігін көрсетудің қолайлы құралы және түрлі халықтардың жақындасуының барынша түсінікті амалы болып табылады. Түрлі елдердің атақты режиссерлерінің еңбектерін фестиваль алаңында біріктіре отырып, Қазақстан мәдениеттер диалогын дамыту және қатысушы елдердің ұлттық сәйкестілігін фестиваль қонақтарына, кино көрермендеріне және баспасөзге таныстыруда үлкен қадам жасап отыр.
Кино қоғамның адамгершілік және рухани генераторларының бірі ретінде адамдар санасына әсер етеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыртылуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында қойылған міндеттердің арқасында біз отандық кинематограф дамуының жаңа перспективаларын ашып отырмыз.
«Қазақстан – 2050» стратегиясында айқындалған Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының принциптеріне сай, мәдени ұлттық мүддені жүзеге асыру және қазақстандық кинематографты әлемдік киноиндустрияға сапалы түрде интеграциялау мақсатында Фестивальге түрлі ел кинематографистері мен кинематографиялық ұйымдарының барынша көп қатысуы жоспарланып отыр. Қонақ және қатысушылар ретінде ТМД, ЕврАзЭС, ШОС,ТЮРКСОЙ,ОИК елдерінің және Қазақстан мүшесі болып саналатын халықаралық ұйымдарға мүше елдердің, сонымен қатар Азия-Тынық мұхит елдерінің, Америка, Австралия және Африка елдерінің өкілдері шақырылып отыр.
«Еуразия» ХКФ аясында Eurasia Film Market кинонарығы –продюсерлер, прокатшылар және сауда агенттерінің халықаралық кинонарықтардың көпжылдық тәжірибесін жинақтаған форумы өтеді. Eurasia Film Market шаралары Жолдау ережелерін нақты енгізу және онда көрсетілген «Сандық Қазақстан» тұжырымдамасын кинематографиялық контент саласында жүзеге асыруды мақсат етеді.
Бұл мәселе, әсіресе, үстіміздегі жылы өтіп жатқан «Болашақ энергиясы» ЭКСПО 2017 шарасына байланысты ерекше өзекті.
Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі – FIAPF аккредитациясынан өткен Қазақстан мен Орталық Азиядағы аса ірі кинофорум, ол жыл сайын бағдарламасын кеңейтіп, әлемдік киноиндустрияның ірі кәсіби өкілдері қатысатын іскерлік және пікір алмасудың белсенді алаңына айналып келеді.
Кинофестивальдің негізгі мақсаты:
«Еуразия» кинофестивалі өнер қайраткерлерінің басын қосатын ерекше құбылыс қана емес, бұл Қазақстанның қарқынды экономикалық, саяси, әлеуметтік дамуына ауқымды үлес қосып келе жатқан, тіл ерекшеліктеріне қарамастан, түрлі мәдениеттер диалогын орнататын, шет елдермен рухани және іскерлік байланыстарын кеңейтіп келе жатқан ірі мәдениеттану жобасы. Біздің кинофестиваль – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бекітуге және ұлттық кинематографты өнер және өндіріс ретінде жан-жақты дамытудағы тағы да бір қуатты серпін.
XIII «Еуразия» кинофестивалін дайындау барысында Дирекция өзінің алдына төмендегідей міндеттер қояды:
Дайындық сатысы. Бұл сатыда кинофестивальді ұйфмдастыру жұмыстары жүргізіледі, нақытырақ айтқанда: фестиваль фильмдерінің, кинонарық және басқа да шаралардың бағдарламаларын жасау, кинофестивальдің ашылу және жабылу тұжырымдамасын дайындау, кинофестиваль және кинонарықтың қонақтарымен және қатысушыларымен келісімдерге қол жеткізу, жарнама кампаниясын жасау және кинофестиваль жаңалықтарын жергілікті және шетелдік БАҚ жарыққа шығаруы туралы келісімдер жасау, фестиваль кталогын, көрестілімдер кестесін және басқа да таратылым материалдарын дайындау және басып шығару.
Негізгі саты. Кинофестивальдің ашылу және жабылу салтанатын өткізу, фестиваль мен кинонарық қонақтары мен қатысушыларын қабылдау, фестиваль мен Eurasia Film Market кинонарығы бағдарламаларының фильмдерін көрсету, дөңгелек үстелдер, баспасөз конференцияларын, Eurasia Sportlight іскерлік алаңдарын, сонымен қатар ПРОКК (кинематографистердің кәсіби клубы) шараларын өткізу.
Қорытынды сатысы. XIII «Еуразия» ХКФ өткізу туралы есепті дайындау және оны ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне өткізу. Қорытылар жасау, Қазақстан киноиндустриясын, Eurasia Film Market кинонарығын, «Еуразия» ХКФ дамыту, бойынша ұсыныстарды талдау және сараптау. БАҚ-мен және фестивальдің халықаралық әріптестерімен қол жеткізілген келісімдер бойынша жұмыстарды әрі қарай жалғастыру. Алматыда қала күніне орай «Еуразия фестивалінің жаңғырығы» шарасында жүлдегер фильмдер мен құбылыс-фильмдер көрсетілімдерін өткізу.
Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі ашылуының негізгі идеясы кинофестивальдің барлық ұйымдастыру сатыларында сандық технологияларды енгізу арқылы digital платформасын құру болып табылады. Кинофестивальдің ашылу салтанаты көрермендерді орасан зор «сандық» шоу әлеміне енгізеді және осындай кинофестивальдер арасында үлгі болады. Видео графика мен артистердің шоғырлануы арқылы, голографиялық, визуалды, кинетикалық және пиротехника эффектілері арқылы орасан зор көрініс жасалады.
«Еуразия» кинофестивалінің бағдарламасында 12 толық метражды және 25 қысқа метражды фильмдер қатысады. Кинофестиваль мен кинонарық бағдарламаларында 150-ден аса фильм ұсынылады.
Бағдарлама өзекті әлемдік кино тенденцияларына байланысты ғана емес, сонымен қатар қазақстандық көрерменнің және шетелдік әріптестердің қызығушылықтары мен қажеттіліктері ескеріле отырып жасалынады. Біздің өңірімізге деген қызығушылық ескеріліп, қазақстандық және орталықазиялық фильмдер бағдарламасы өткен мерзімдегі отандық үздік фильмдерді анықтайтын Ұлттық «Тұлпар» киножүлдесі бренді аясында көрсетіледі.
«6 Plaza» арнайы бағдарламасы ұсынылады, бұл бағдарлама ЭКСПО 2017 шарасының дамушы елдерді қолдауға арналған аттас бағдарламасын толықтырады, яғни, бағдарламаға сол елдердің фильмдері енеді.
Тұңғыш рет «Қытай понарамасы» бағдарламасы көрсетіледі, бұл Ұлттық кинематографиялық өнер және ғылым академиясының ынтымақтастығы және халықаралық алмасу жұмыстарының нәтижесі болып саналады. Бағдарлама Қытайдың түрлі жылдардағы және түрлі жанрдағы айтулы фильмдерін қамтиды. Бағдарлама Пекин халықаралық кинофестивалі, Silk Road халықаралық кинофестивалі және қытай кино мұрағатының қолдауы арқасында құрастырылды.
Конкурстан тыс бағдарламалар жанры және мазмұны жағынан әртүрлі болып келеді: көркем фильмдер және деректі фильмдер, анимация, авторлық және жанрлық кинолар, ал бұл түрлі аудиторияның қызығушылығын тудырады
Фестивальді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қорының қолдауымен балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдер бағдарламасы жалғастырады. Бағдарламада 2016-2017 жылдары өндірістен шыққан 15 шақты фильм көрсетіледі.
Eurasia Film Market кинонарығы аясында қазақстандық және шетелдік жаңа фильмдер және жобалар ұсынылады. Бұл Қазақстан үшін жаңа және аса ерекше кинофорум болып табылады. Киножобалар тұсаукесерлері және келісімдер жасаумен қатар, форумның іскерлік бағдарламасында түрлі елдердің ұлттық кинематографиясының тұсаукесерлері, атақты кинематографистердің шеберлік сабақтары және киноиндустрияның өзекті тақырыптарына арналған дөңгелек үстелдер өткізіледі.
Фестивальдің конкурс бағдарламасы фильмдерінің әр көрсетілімі түрлі шаралармен жалғасады, нақтырақ айтқанда, фильм жасаушыларының таныстыруы (видеотанысттыру болуы да мүмкін), баспасөз конференциялары, фильм көрсетілімінен кейін көрермендермен «Сұрақ-жауап» форматында әңгімелесулер, ал бұл өз кезегінде көру мәдениетінің қалыптасуына ықпал етеді және аудиторияда үлкен қызығушылық туғызады.
2015 жылы бастау алған «Eurasia Masters» білім бағдарламасы аясында фестиваль қонақтары мен қатысушылыра ірқатар шеберлік сабақтарын өткізеді. Бағдарлама киносүйер қауымды тек білім шараларына ғана емес, сонымен қатар волонтерлер тартып, оларға да фестиваль командасының бір бөлігі болуға мүмкіндік береді.
Фестиваль оқиғаларын баяндап тұратын телеүнделіктер жасау жоарланып отыр, олар республикалық телеарналарда, фестивальдің арнайы сайтында және әлеуметтік желілерде көрсетіледі.
Киноиндустрияның кәсіби өкілдеріне Стамбул, Москва және басқа да фестивальдер модельдері бойынша Eurasia Spotlight ұйымдастырылады. Жобалар конкурсында (питчинг) өндірісте жасалып жатқан қазақстандық кинематографистердің фильмдері мен сценарийлері іріктеліп алынады. Авторларға Eurasia Film Market кинонарығының қатысушыларымен танысуға: инвесторлар, продюсерлер, әріптестер, сонымен қатар тәжірибе алмасып, байланыстар орнатып, өздерінің шығармаларына жаңа рыноктар іздеуге мүмкіндік туады.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша КазНИИК дайындаған ҚР «Кинематография туралы» жаңа Заң жобасына арналған дөңгелек үстелдер; Қазақстан Ұлттық киноакадемиясы, Россияның Жаңа мәдениеттану институты, БМКИ, ТМД елдерінің гуманитарлық ынтымақтастық Мемлекетаралық қорының қолдауымен өткізілетін «Орталық Азия кинематографиясын қалыптастырудағы Орталықтандырылған бірлескен киностудияның ролі» атты халықаралық конференция фестивальдің бір блігіне айналады. Кинонарық қатысушылары бірлескен жобалар жасау, қазақстандық кинематографияның халықаралық кинобизнеске интеграциялану перспективаларын, «Еуразия» ХКФ және Eurasia Film Market кинонарығы дамуының «жол картасын» талқылайды.
ПРОКК (Кинематографистердің кәсіби клубы) өзінің жұмысын жалғастырады.
«Еуразия» 2017 кинофестивалі «Мәдениеттер көпірі» девизімен өткізіледі, ал Eurasia Film Market – «Сандық жол» девизі бойынша. Бұл екі шара да Европа, Орталық Азия, Европа елдерін және бүкіл әлемдік киноқауымдастықты біріктіреді. Шілденің жеті күні бойында Қазақстанның елордасы Астана кино кәсіпкерлері кездесетін және жаңа жобалар бастау алатын орнына айналады, сөйтіп ол ЭКСПО 2017 шарасының мәдени бағдарламасын толықтырып және байыта түседі.
«Еуразия» кинофестивалі және Eurasia Film Market кинонарығы қазақстандық киноның өнер және өндіріс ретінде дамуына ықпал етеді, кинематография өнеріне кең қауымдастықтың қызығушылығын арттырады және Қазақстан кинематографиясына шетелдік инвестициялар тартуға көмектеседі.